Жатақхана

2017 жылы жатақхана күрделі жөндеу жасалуына байланысты қазан айында студенттер қабылданды. Жатақхана 80 студентке  арналған. Қазіргі таңда студенттердің саны 52, оның ішінде 38 – қыз, 14 – ұл. Жатақханаға студенттерді қабылдағанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығы  бойынша  «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес қабылданды. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша жатақхана беру туралы жолдама, ұйым басшысының атына жатақханадан орын беру туралы өтініштер жазды.

Жатақхананың екінші қабатында түгелдей қыз балалар, үшінші қабатында ұл балалар мен қыз балалар. Ережеге байланысты бөлмелерде екі, үш және төрт студенттен тұрады. Әр бөлмеге төсектер, үстел, орындық, киім салатын шкаф, тумбалар, айна мен төсеніштер берілген.  Жатақхана жаңа мүліктермен қамтамасыз етілген. Жатақханада 3 тәрбиеші, 3 жатақхана кезекшілері, 1 вахтер және жатақхана меңгерушісі жұмыс атқарады. Техникалық қауіпсіздік, санитарлық, студенттерді түгелдеу, студенттердің келген-кеткендігі жөніндегі, вахтаның кезекшілікке арналған журналдары уақтылы толтырылып тұрады. Жұмыс табелі және жатақхана тәрбиешілері мен вахта кезекшілерінің күнтізбелер уақтылы бекітіліп, ілініп тұрады.

Жаңадан келген білімгерлерге жатақхананың тәртібі мен ережесімен таныстырып, жатақхананың тазалығына мән беруді, жатақхананы өзіміздің үйіндей қарау керек екендігін ұғындыру. Әр аптаның бірінші күні «тазалық күні», бейсенбі күні «монша күні» ал жұма «аула тазалық күні». Бұл жұмыстар тәрбиешілердің қадағалауымен атқарылып отырады. Әкімшілік қарамағынан, шеберлер аптаның үшінші күні студенттердің бөлмелерін тексеріп отырады. Айтылған ескертулер мен кемшіліктер уақтылы орындалады.

 

 

 
Қараша (2018)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Қаз    
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930