Талапкер 2018

Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:

20 маусым мен 20 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Оқу түрі бюджеттік және ақылы негізде.

  • Студенттерге өте жақсы және жақсы үлгеріміне мемлекеттік шәкірт ақы төленеді.
  • Әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан білімгерлер бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылады.
  • Шалғай ауылдардан келгендерге жатақханадан орын беріледі.
  • Жол жүруге жеңілдетілген көмек ретінде жол ақысы төленеді.

«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы

 Мақсаты: тегін бірінші жұмысшы кәсібін алу үшін жағдай жасау

Артықшылығы:

-бір немесе одан да көп жұмысшы кәсібін алу;

-модульдік бағдарламалар бойынша оқыту;

-еңбек нарығына дипломмен шығу мүмкіндігі;

-білімгерлерді тегін жолақымен қамтамасыз ету

-білімгерлерге шәкіртақы төлеу;

-білімгерлерді ыстық тамақпен қамту;

Оқыту мерзімі: 1 айдан 3 жылға дейін

Жобаға қамтылатындар:

-мектептердің 9-11 сынып бітірушілері;

-жұмыссыз азаматтар;

-жұмысшы біліктілігі жоқ 29 жасқа дейінгі жастар;

-өмірде қиын жағдайға тап болған адамдар;

-осал топтардан шыққан адамдар.

 
Қараша (2018)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Қаз    
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930