Құрметті достар, сайт қонақтары,

талапкерлер және олардың ата-аналары!

 

Мен Сіздерді Тараз сервис және технология  колледжінің
сайтында көруге қуаныштымын!

 

45 жылдан астам біздің колледж қызмет көрсету саласына мамандар дайындап келеді. Колледж ұжымының мақсаты – Техникалық және кәсіптік білім беруді модернизациялау жағдайында оқытудың тиімді технологияларын енгізу арқылы кадрларды сапалы даярлау.

Колледжде оқумен қатар жеке тұлғаның үйлесімді дамуына және болашақ аспаздардың, тігіншілердің, шаштараз бен қонақ үй қызметкерінің, дәнекерлеуші мен автокөлік жөндеуші слесардің әлеуетін іске асыруға ықпал ететін, кәсіби деңгейін арттыратын жағдай жасалынған. Біздің колледж студенттері облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі кәсіби шеберлік байқаулар мен спорттық іс-шараларға белсенді қатысады.

Осы сайт арқылы біздің колледж туралы ақпарат алуға шақырамын.Сiздiң колледж және сайт туралы пікіріңіз бізге маңызды. Өз пікіріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдырыңыз.  Бiздiң осы онлайн-байланысымыз көптеген шешiлуi тиiс мәселелерге септігін тигiзiп отырады деп сенемін.

Колледж директоры: Маймышев Бекбол Баянғалиұлы

 
Қараша (2018)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Қаз    
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930