Колледж туралы

Тараз сервис және технология колледжінде 2017-2018 оқу жылына  мемлекеттік тапсырыс бойынша 566  студент білім алуда,  оның ішінде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 100  студент білім алады. 19 жалпы білім беретін  оқу кабинеттері, 14 – шеберхана, 8- арнайы пән кабинеттері,  2-і зертхана, 2 -интерактивті тақта бар.
Колледжде 2017-2018 оқу жылында штаттық кесте бойынша  125  қызметкер жұмыс атқарады.  Оның  31-і оқытушылар,  34-і өндірістік  оқыту шебері.

2017 жылы колледждің бас ғимаратына және жатақхана ғимаратына күрделі жұмыстары жүргізілді.

2017 жылы колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлініп, «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»  мамандығына , «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандықтарының оқу құрал жабдықтары; өнеркәсіптік тігін машинасы (10 дана), өнеркәсіптік электр  плитасы (4 дана), өндірістік  электрлік қуыру шкафы (3 дана), мармит (2дана) өндірістік тоңазытқыш (1 дана), тот баспайтын стилаждар (6 дана), өндірістік тот баспайтын столдар (20 дана), өндірістік  кресло, тумба (12 дана),  кептіру, жуу құралдары алынды.
Асханаға  мармит (2 дана)  және  қуыру табасы (1 дана)  алынып,  ас  ішу орындықтарының  саны  көбейтілді.Үнемделген қаржы есебінен колледждің бас  оқу корпусы мен жатахана толығымен жаңа  жабдықтармен(төсек орындар, студентер партасы, орындықтар, тақталар, дивандар т.б) қамтылды. 

ЗАМАНАУИ ОҚЫТУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН ЖАЛПЫ КӘСІПТІК ЖӘНЕ АРНАЙЫ КАБИНЕТІ, ЗЕРТХАНАЛАР, ШЕБЕРХАНАЛАР

 

 

 
Қараша (2018)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Қаз    
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930