Колледж кітапханасы

Колледж кітапханасы

           Тәуелсіз Қазақстанның келешегі – жас ұрпақты тәрбиелейтін колледж дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кітапхана да осы міндетті атқарады.  Колледж кітапханасы – колледждің бір бөлігі. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен, рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу, әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана. Кітапхана- адамның білім көкжиегін кеңейтеді десек, ал Жүсіп Баласағұнның сөзімен айтқанда: «Білім – адам баласының ортақ қазынасы». Сондықтан да кітапханаға келіп, әдеби көркем шығармаларды, түрлі газет-журналдарды оқыған адамның мерейі өсіп, рухани азық алып, дөнгеленген дүниеден хабардар болады.

          Бүгінгі таңда барлық азаматтың алдында тұрған мақсаты – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Біздің барлық іс-әрекетіміз, осы бағытта болуы керек. Ал ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан. «Кітапхана – білімнің күн шуағы». Тәрбие мен білім – егіз ұғым, тәрбие мен білім берудің жаңа жолы кітапханада елбасы Н.Ә.Назарбаев «ХХІ ғасыр – мәдениетінің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі- кітапхана», – деп атап көрсеткеніндей, ХХІ ғасырдағы қоғамдық өзгерістер, ашық ақпараттық кеңістікке өту, қоғамның ақпараттануы, өркениеттік деңгейге көтерілуі кітапханалардың да жаңа бағытта жұмыс  істеуін талап етеді.

        Колледж білімгерлеріне кітап оқудың ықпалы зор. Заманалар толқынында тербеліп, өзінің қымбат қазынасын ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп келе жатқан кітаптың адамның рухани азығы екені даусыз. Біздің кітапхананың мақсаты кітапханаға оқырман тарту, кітап сөрелеріндегі кітаптарды оқырман қолына жеткізу, насихаттау. Кітапхананың әрбір кітабын білімгерге насихаттауда кітап көрмесінің маңызы зор. Кітапханада 5 дана компьютер қондырылған, білімгерлер келіп қажетті әдебиеттерін алып, компьютер қолданады. Бұл орын білімгерлердің шығармашылық жұмыстарымен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді.

Колледж кітапханасының қорында бүгінгі таңда:

Кітапхананың жалпы кітап қоры – 27137дана.

Оқулықтар саны – 5657 дана,

Мамандық бойынша кітаптар-8645 дана.

Оқу – әдістемелік кітаптар  – 673 дана.

Әдеби кітаптар  – 12056 дана,

Электрондық оқулық саны -106 дана.

          Колледж кітапханасында жыл көлемінде жоспарланған іс – шаралар өткізіледі. 2017 – 2018 оқу жылы барысында «Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа Жолдауы», «Мемлекеттік рәміздер», «Тәуелсіздік дәуірі», «Нұрсұлстан Назарбаев – ел тірегі, ел намысы», «Мәңгілік ел – Қазақстан», «Менің мамандығым», «Тілім менің- қазынам қасиетім», «Бірлігі бекем елдің тірлігі берекелі», «Жолдаудың мәні-халықтың қамы», «Туым- намыс, ұраным- бірлік, рәміздерім-мақтанышым», «Ел рәміздері-ел рухы» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, нақыл сөздер жазылып, кітаптар қойылды.Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған колледж, ал, колледжде орналасқан кітапхана да осы міндетті бірге атқарады. Бүгінгі колледж кітапханасы кітап қоры және кітаппен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді. Кітапханамыз жыл сайын жаңа буын оқулықтармен, электронды оқулықтармен, арнайы пән оқулықтарымен қамтылады. Соның бір айғағы – кейінгі жылдары «Фолиант», «Жазушы», «Мектеп», «Кітап» баспаларынан шыққан, көздің жауын алатындай кітаптар, оқулықтар кітапхана қорын толтырады. Бұл оқырман қауымы үшін үлкен сый – сияпат, рухани байлық.

        Қортындылай келе, біз оқырмандарға әлемдік ұлттық мәдени, рухани құндылықтарды насихаттай отырып, заман талабына сай өркениетті қызмет көрсету, жаңа технологияларды кітапхана жұмысына қолданып, кітапханалардың бүгінгі қоғамның қажетті ақпарат орталығы екендігін, кітапхана жұмысының бүгінгі таңдағы өзектілігін көрсетуді мақсат етеміз. Ендеше, оқудан қол үзбейтін, кітапхананы бағалайтын оқырмандарымыз көп болсын.

 
Қараша (2018)
Дс Сс Сә Бс Жм Сб Жс
« Қаз    
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930